Участник:Aiman Abilova/Черновик

Материал из Википедии — свободной энциклопедии
Перейти к навигации Перейти к поиску

Мифологиялық мотив

[править | править код]

Мифологиялық мотив (лат. moveo- “қозғаймын”)- мифтің сюжетіне негізделген басты оқиға. Борис Томашевский “Әдебиет теориясы. Поэтика” еңбегінде: “Мотив-көркем әдебиеттің ажырамас бөлігі. Әр сөйлемнің өзіндік мотиві бар”,- деп мифтік мотивке анықтама береді. Ал Александр Николаевич “Поэтика сюжеті” мақаласында: “Мотив дегеніміз-ежелгі адамдардың  қарапайым ойлау жүйесі мен күнделікті бақылау нәтижесінде әртүрлі сұрақтарға жауап беруі үшін туындаған баяндаушы бірлік. Мотивке тән ерекшелік-өзіндік схемамен біртекті жазылу”.

Мифке шолу

[править | править код]

Тау астындағы патша немесе ұйықтап жатқан батыр Еуропа мен Кавказ халықтарының арасында кең тараған фольклор мен мифологияның дәстүрлі мотиві. Бұл мифтік шығарма тау үңгірлері мен жертөлелерде ұйықтап, ел басына қиыншылық туғанда ғана ұйқысынан оянатын даңқты батыр мен оның жолдастары туралы. Мифтік сюжетке сәйкес өз елінің сүйіспеншілігі мен махаббатына бөленген атақты қолбасшы өзінің соңғы шайқасын тау бөктерінде өткізіп, сол жерде мәңгі ұйқыға кеткен.

Мифтің негізгі ерекшеліктері

[править | править код]

Батырдың соңғы шайқастан кейінгі ғасырларға созылған ұйқысын жоғалған малын іздеп жүрген бейбақ бұзады. Мифке сәкес ұзақ уақыт бойы ешкімге белгісіз тау бөктеріндегі үңгірде ұйықтаған батырға ерекше ұзын сақал тән.

Ағайынды Гриммдер жинақтаған әңгімелерде Фридрих Барбаросса, Ұлы Қарл хан жайындағы мифтер ұйқыдағы батыр мотиві бойынша жазылған. Ағайынды Гриммдердің нұсқасы бойынша ұйқыдағы батыр оянып: “Бүркіттер тау шыңын айналып ұшып жүр ма?”-деп сұрайды. Бебақтың жауабын алғасын: “Кет! Менің уақытым әлі келмеді”,-деп қуып жібереді.

Батырдың бүркіттер туралы сұрауының себебі бүркіттер оны еліне керек кезінде ұйқысанан оятуға тиіс. Өйткені соңғы шайқастағы өлімнен оны тылсым күштер аман алып қалады. Ол содан соң бүркіттердің оны оятуын күтіп, қалың ұйқыға кетеді.

Үңгір өзге әлем құрамына кіреді, оның ішінде уақыт жылдам өтеді. Сондықтан батырдың құпиясын білген жан тез қартайып, шашы ағарып қайтыс болады. Бұл еуропа әдебиетіндегі уақыт кеіңістігінде саяхаттаудың көрінісі.

Мотивтің шығу тегі

[править | править код]

Аннти Аарне мифтік сюжетті классифакациялғанда бұл мотивті үңгірдің табылуы нәтижесінде ұйқыларынан оянған Эфестік жеті шеһидпен байланыстырылады.

Қазіргі заман әдебиетіндегі мотив көрінісі

[править | править код]
  • Джон Толкин “Дунхфрроудың елес армиясы” еңбегінде  ұйқыдағы батыр мотивін қолданған. Сонымен қатар “Хоббит” кітабында Эребора хан мен “Сақиналар әміршісінде” Арагорт  хан бейнесі мен мифтік мотивке сәйкес жасалған. Олар сюжет бойынша еліне керек кезде ұйқыларынан оянып, қайтып оралды.
  • Джон Толкиннің досы Клайв Льюис Нарния шежіресінің алтыншы кітабында Джадис патшайымның сиқырлы гонг дыбысынан оянуы суреттеледі. Бұл шығарманың Батыс Еуропа мифтерінен айырмашылығы-зұлым билеушінің жаман нәрселерді жасауды жалғастыруы үшін оянуы. Сонымен  қатар осы мотивті “Күміс орындық”, “Соңғы шайқас” кітаптарында Нарнияның талқандалу кезінде "Уақыт Әкенің" ояну сәтінде көруге болады.
  • Икс адамдар: Ақырзаман” киносында зұлым мутан Эн Сабах Нур бірнеше жылдарға созылған ұйқыдан Мысырда оянады. Күшіне енген мутан басты кейіпкерлерге қауіп төндіреді.
  • Пол АндерсонҮш жүрек және үш арыстандар” романында Дангер Холгер туралы аңызды негізге алады. Бұл шығармада кейіпкер ертегі әлеміннен бөлек фашистермен біздің әлемдегі адамдарды қорғау үшін күреседі.
  • Undertale ойынында құбыжақтар патшасы Азгор тау астындағы патша мотивіне негізделіп ойлап табылған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

[править | править код]

1.https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BB%D1%8C_%D0%BF%D0%BE%D0%B4_%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B9